Полимер-цемент бетон алудың негізгі әдістері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ace.2024.i3.04Кілт сөздер:
полимер-цемент бетон, иілу беріктігі, полимер-цемент қатынасы, сығылу беріктігі, полимер қоспасы, латекс, поливинилацетат, ацетоноформальдегидті шайырАңдатпа
Полимер-цемент бетон – бұл байланыстырғыш ретінде полимер қоспалармен модификацияланған цемент қолданылатын бетон түрі. Полимерцемент-бетон құрамындағы полимердің үлесі цемент салмағының 0,5% -дан 25%- ға дейін болуы мүмкін. Нақты қатынас төмендегі факторға байланысты болады: өндірілетін материал сипаттамаларына сәйкес, яғни цемент құрамындағы полимердің үлесі неғұрлым жоғары болса, ол бетон сапасына соғұрлым күштірек әсер етеді; полимер қоспалардың айтарлықтай қымбат болуы; полимер қоспалардың бетон араласпасына қосылу тәсіліне қарай. Ғалымдар полимерлердің тиімді түрлерін, соның ішінде пластмассалар мен шайырларды қолдануды кеңейтуге ұмтылуда. Құрылыс индустриясындағы жаңа ұрпақтың міндеттерін орындау үшін химиялық заттармен өзгертілген жаңа материалдарды қолданбай істеу мүмкін емес. Полимерлі материалдардың көпшілігі, дәстүрлі бетондарға қарағанда, жоғары созылу және иілу беріктігіне ие, олардың серпімділік модулі төмен және деформацияға ұшырау қабілеті жоғары, адгезиялық қасиеттері жақсы және химияға төзімдірек. Мақаланың тақырыбының өзектілігі органикалық және бейорганикалық байланыстырғыштарды біріктіріп пайдалану құрылыс материалдары мен конструкцияларының технологиялық және пайдалану қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік беретіндігінде. Жұмыстың мақсаты - полимер-цемент композицияларын неғұрлым толық зерттеу.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2024 Architecture and Civil Engineering

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>