Еуразиялық дала сәулеті: сабақтастық, айырмашылықтар және тұрақты өңірлік сәулет үшін сабақтар

Авторлар

  • В. Яскевич Satbayev University, Қазақстан
  • Ч. Ли Ішкі Моңғолия технологиялық университеті, Қытай

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ace.2025.i2.03

Кілт сөздер:

Еуразия даласы, экологиялық өңіршілдік, дәстүрлі стратегиялар, сәулет теориясы, материалдарға бейімделу, пас-сивті жүйелер, климатқа бейімделген жобалау, өңірлік сәйкестік

Аңдатпа

Бұл мақалада Еуразия даласының сәулеті экологиялық логика мен өңірлік жобалау тәсілдерінің өрісі ретінде қарастырылады. Мәдени сәйкестіктің стилистикалық немесе символикалық қырларына емес, Еуразия даласында — Ішкі Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейін — таралған дәстүрлі сәулет тәжірибелерінің ортақ стратегияларына назар аударылады. Оларға материалдарды үнемді пайдалану, кеңістікті ықшам ұйымдастыру және қоршаған ортаға бейімделу жатады. Кең ауқымды теориялық және әдеби дереккөздерге сүйене отырып, бұл жұмыс даланы этнографиялық ерекшеліктер жиынтығы емес, жасырын архитектуралық сабақтастыққа ие біртұтас экологиялық аймақ ретінде ұсынады. Мақалада «экологиялық өңіршілдік» ұғымы ұсынылып, дәстүрлі тәжірибелерді ретроспективалық емес, генеративті ресурс ретінде қарастыру көзделеді. Фрэнк Ллойд Райт, Хассан Фатхи және Балкришна Дошидің еңбектері жергілікті материалдар мен климаттық шешімдерді қазіргі сәулетке интеграциялаудың мысалдары ретінде талданады. Бірқатар заманауи жобалар қысқаша сипатталғанымен, мақаланың басты мақсаты – Еуразия даласының сәулетін орнықты даму, өңірлік сәйкестік және кеңістікке негізделген жобалау дискурсына енгізу.

Загрузки

Жарияланды

2025-06-30

Как цитировать

Yaskevich, V., & Li, C. . (2025). Еуразиялық дала сәулеті: сабақтастық, айырмашылықтар және тұрақты өңірлік сәулет үшін сабақтар. Architecture and Civil Engineering, 2(2), 13–18. https://doi.org/10.51301/ace.2025.i2.03

Журналдың саны

Бөлім

Сәулет