Үздіксіз және қалыпсыз тәсіл бойынша қабырғалы темірбетон жабындарын өндірудің технологиялық сұлбасын оптимизацияландыру
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/ace.2025.i2.05Кілт сөздер:
темірбетон, бетон, қуысты темірбетон, қалыпсыз тәсіл технологиясы, қабырғалы темірбетонАңдатпа
Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің жеткілікті қоры бар. Елімізде көптеген құрылыс материалдарын өндіретін шағын және үлкен кәсіпорындар қазіргі таңда баршылық. Дегенмен де отандық құрылыс материалдары құнының шетелдердің арзан импортымен салыстырғанда қымбат. Дағдарыс кезінде еліміздегі құрылыс материалдарын тұтынуының қысқаруы, өндiрiс көлемiнiң төмендеуіне әкеп соққаны жасырын емес. Алдағы уақытта отандық құрылыс материалдарының сапасы мен өндiрiс көлемiн арттырып, жоғары сапаға қол жеткізуінің маңызы зор. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғауды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Үкімет бұл бағытта отандық құрылыс материалдарын өндіруге ден қойған кәсіпорындарға сұраныстың болуына, инновациялық даму мүмкiндiгін кеңейтуге, құрылыс материалдары өндiрiсi бойынша кәсіпорындарды басқарудың озық үлгісі мен жаңа технологияларын енгізуіне көмек қолын созуы тиіс. Темірбетоннан жасалған бұйымдарды жасауда қазіргі таңда елімізде шетелдік тәжірибелерде қолданылып келе жатқан түрлі әдістермен өндіру кеңінен таралып жатыр. Солардың бірі қабырғалық темірбетон жабындары. Қазақстанда қуысты темірбетон жабындарын соңғы заманауи қалыпсыз тәсіл бойынша өндіру басталды. Мұндай технология алдын-ала кернелген жабындардың өзіндік құнын, қосалқы құрылғылардың құнын, еңбекті және өндіруге кететін энергияны азайтады. Қабырғалы темірбетон жабындарын өндіру үшін үздіксіз және қалыпсыз тәсілді қолдану технологиясы әзірше қолданылмайды, бірақ қуысты жабындарға қарағанда олар өнеркәсіп құрылысында тиімдірек болып келеді. Ол өндірілетін жабындардың түрін көбейтеді және жабындардың өзіндік құнын, еңбекті және өндіруге кететін энергияны азайтады. Қуыссыз, п үлгісіндегі қабырғалы темірбетон жабынын өндіруді қарастырамыз және әдеттегідей агрегатты-ағынды, конвейерлі немесе стендтік тәсілдермен өндіру технологияларына қарағанда қаншалықты тиімді болатынын, өндіріс шығындарын азайту жолдарын анықтаймыз.
Загрузки
Жарияланды
Как цитировать
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Copyright (c) 2025 Architecture and Civil Engineering

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>
