Қазақстандағы ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM): қазіргі үрдістер, қиындықтар және болашағы

Авторлар

  • К. Искендерова Satbayev University, Қазақстан
  • M. Буряко Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, Ресей
  • З. Жамбакина Satbayev University, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ace.2025.i2.06

Кілт сөздер:

BIM, цифрлық трансформация, жобаларды басқару, іске асырудағы кедергілер, білім беру және оқыту, нормативтік-құқықтық база, құрылыстағы инновациялар, BIM интеграциясы

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасында ғимараттарды ақпараттық модельдеу (Building Information Modeling - BIM) технологиясын енгізудің қазіргі жағдайы мен болашағы қарастырылады. Құрылыс саласын цифрландыру жағдайында BIM жобалау және құрылыс процестерінің тиімділігі мен сапасын арттырудың маңызды құралы ретінде танылады. Мақалада отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жасалып, нормативтік базаның жетіспеушілігі, білікті мамандар тапшылығы және шағын және орта бизнеске технологияларға қолжетімділіктің шектеулігі сияқты негізгі кедергілер талданады. Сонымен қатар, Қазақстанда және шетелде BIM қолданудың табысты мысалдары мен халықаралық тәжірибені бейімдеудің ықтимал үлгілері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері BIM технологиясын енгізу үшін кешенді тәсілдің, оның ішінде білім беру реформасы, мемлекеттік қолдау және кәсіби қауымдастықтарды дамыту қажеттігін көрсетеді.

Загрузки

Жарияланды

2025-06-30

Как цитировать

Iskenderova, K. ., Bruyako, M. ., & Zhambakina, Z. . (2025). Қазақстандағы ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM): қазіргі үрдістер, қиындықтар және болашағы. Architecture and Civil Engineering, 2(2), 31–35. https://doi.org/10.51301/ace.2025.i2.06

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс және құрылыс материалдары