Қадалы іргетастардың тиімділігіне ростверк қалыңдығының әсерін сандық талдау арқылы зерттеу

Авторлар

  • Е. Бесимбаев Satbayev University, Қазақстан
  • С. Ниетбай Satbayev University, Қазақстан
  • З. Жамбакина Satbayev University, Қазақстан
  • T. Энаят Халықаралық білім беру корпорациясы, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/ace.2025.i1.04

Кілт сөздер:

ростверктің қаттылығы, ростверк, ростверктің қалыңдығы, қадалардағы жүктемелер, сандық модельдеу

Аңдатпа

Жер асты инженерлік технологиялары дамыған индустриялық елдерде маңызды орын алуда және кеңінен қолданылады. Қадалар, жеке немесе топтық түрде қолданыстағы, үстіңгі қабаттағы күшейтілген ростверкке бекітілген, осьтік, бүйірлік, уақытша және тұрақты жүктер сияқты әртүрлі жүктемедерді қабылдап, топырақты негізге береді. Қадалы іргетасты жобалау кезінде ростверктің қалыңдығын ескеру қажет. Жұқа ростверк қадалар арасында салмақты біркелкі емес тарататып, қадалы іргетастардың дәстүрлі тұжырымдамасынан алшақтап, икемді тақта сияқты жұмыс істейді. Керісінше, қалыңырақ, қаттырақ ростверк жүктемені қадалар арасында біркелкі таратады, иілу моменттерін және ығысудан қирауын төмендетеді, бірақ, іргетастағы кернеуді арттыруы мүмкін. Бұл мақаланың негізгі мақсаты қадалы іргетастардың жұмысына, атап айтқанда, қадалардағы жүктемені бөлу және іргетастың деформациясына ростверк қалыңдығының өзгеруінің әсерін зерттеу болып табылады. Мақсат - белгілі бір ростверк қалыңдығының жүктерді біркелкі бөлуге әкелетінін анықтау. Бұл зерттеуде ABAQUS коммерциялық бағдарламалық құралын пайдалану арқылы ростверк қалыңдығы 0.5 метрден 3 метрге дейін өзгеретін тоғыз қадалы іргетастың 3D сандық моделі әзірленді. Зерттеу қадаларға түсетін жүктемелер, олардың қадалардан ростверкте ауысуы және ростверктің бүйірлік қозғалысы туралы деректер жиналды.

Загрузки

Жарияланды

2025-03-31

Как цитировать

Bessimbayev, Y. ., Niyetbay, S. ., Zhambakina, Z. ., & Enayat, T. . (2025). Қадалы іргетастардың тиімділігіне ростверк қалыңдығының әсерін сандық талдау арқылы зерттеу. Architecture and Civil Engineering, 2(1), 22–27. https://doi.org/10.51301/ace.2025.i1.04

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс және құрылыс материалдары